Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешітінде Мәуліт айына орай қайырымдылық садақасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында мешіт жамағаты мен ақсақалдарға арналып, 500 адамға күріш тағамы мен сусын таратылды.
Қайырымдылық шарасына ақсақалдар мен мешіт жамағаты қатысып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Мәуліт айында жасалған мұндай игі амалдар – мұсылман қауымын өзара бауырмалдыққа, жомарттық пен қайырымдылыққа үндейтін сауапты істердің бірі. Басқосу барысында жамағат арасында ізгілік пен өзара сыйластықтың маңызы айтылды.
Ақсақалдар өз баталарын беріп, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын және береке-бірліктің артуын тіледі. Алла Тағала осы қайырымды іске себепші болған азаматтардың садақасын қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін! Елімізге тыныштық, халқымызға амандық, әр шаңыраққа бақ-береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

