Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа жұма намазын өткізіп, жұма уағызын айтты. Жұма уағызының тақырыбы – «Тәртіпке бағынған құл болмайды».
Уағыз барысында тәртіптің адам өміріндегі маңызына тоқталып, мұсылман баласының қоғамдағы жауапкершілігі, заңға құрметпен қарауы, уақытты тиімді пайдалануы және әр ісінде тәртіпті басшылыққа алуы қажет екені айтылды. Сондай-ақ жамағатты қоғамдық тәртіпті сақтауға, отбасында жауапкершілік танытуға, айналасындағыларға құрметпен қарап, ізгілік пен бірлікті нығайтуға шақырды.
Уағыз соңында барша жамағатқа еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын, отбасыларға береке мен ынтымақ, әрбір игі ниетке қабыл болуын тілеп, дұға жасалды. Алла Тағала баршамыздың құлшылықтарымызды қабыл етіп, елімізге тыныштық, халқымызға амандық, отбасыларымызға береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

