Қордай: Сортөбе ауылында Мәуліт оқылды

Қордай: Сортөбе ауылында Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы мазар жанында орналасқан мешіт асханасында Мәуліт оқылды. Рухани шараға ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысып, игі басқосуға куә болды.

Мәуліт барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында тағылымды уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ мұсылман баласының Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесін бойына сіңіріп, жақсы амал жасауға ұмтылуының маңызы түсіндірілді.

Жиын барысында Құран аяттары оқылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды. Шара соңында ел амандығы, жұрт тыныштығы мен береке-бірлік үшін дұға жасалды. Алла Тағала Мәуліт айындағы игі амалдарымызды қабыл етіп, елімізге тыныштық, халқымызға ынтымақ пен береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: