«Жақсылық жасау – жүректің жылуы, қайырымдылық – қоғамның берекесі» деген асыл бастамамен Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде сауапты әрі игі шара болып өтті.
5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күніне орай Жамбыл облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ержан Аманбаевтың ұйытқы болуымен арнайы қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж 3 көпбалалы отбасы мен 2 мүмкіндігі шектеулі жанға азық-түлік себеттері және ет өнімдері үлестірілді.
Қор өкілдері мұндай қайырымдылық бастамаларының басты мақсаты – қоғамда өзара бауырмашылық пен жанашырлықты арттыру, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған жандарға рухани әрі демеушілік қолдау білдіру екенін атап өтті. Көмек алған отбасылар ұйымдастырушылар мен демеушілерге ақ тілектерін арнап, шынайы ризашылықтарын білдірді.
Тараз қалалық мешітінің баспасөз қызметі



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

