БАЙЗАҚ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА«ПӘТУА САҒАТЫ» ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА«ПӘТУА САҒАТЫ» ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түймекент ауылында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл тұрғындарына арналған «Пәтуа сағатын» өткізіп, діни мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан мешітке атау берудің шариғаттағы үкімі жөнінде сауал қойылды. Бас имам мешітке атау берудің мақсаты мен тәртібіне тоқталып, бұл мәселеде шариғат талаптарын, қоғамның бірлігін және мешіттің қасиетті мекен ретіндегі мәртебесін ескеру қажеттігін түсіндірді.

Сонымен қатар, мешіт атауы белгілі бір тұлғаны дәріптеу немесе жеке мүддені көздеу үшін емес, халыққа ортақ құлшылық ордасының қызметін айқындайтын ізгі ниетпен қойылуы керектігі айтылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: