Түймекент ауылында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, адалдық пен аманатқа беріктіктің маңыздылығы жайында насихат айтты.
Кездесу барысында ислам дініндегі адалдықтың орны, адал еңбектің берекесі, адамға аманат етілген дүниеге қиянат жасамау және қоғамдағы өзара сенімнің маңызы кеңінен түсіндірілді. Бас имам адалдықтың тек сөзбен емес, адамның күнделікті іс-әрекетінен көрінетінін айтып, әрбір мұсылманды отбасында, қызметінде және қоғамда шынайы әрі әділ болуға шақырды.
Жиын соңында ауыл тұрғындарына бірлік пен ынтымақты сақтап, ізгілік пен адалдықты өмірлік ұстаным ету жөнінде тағылымды ойлар айтылды.



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

