Түймекент ауылында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл халқымен кездесіп, уақып жасаудың маңыздылығы мен сауабы жайында тағылымды насихат айтты. Насихат барысында уақыптың – халық игілігіне арналып, сауабы үзілмей жетіп тұратын ізгі амалдардың бірі екені түсіндірілді. Бас имам мешіт, медресе, білім ордасы, қайырымдылық нысандары секілді ел игілігіне қызмет ететін орындарға үлес қосудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, адам дүниеден өткеннен кейін де сауабы жалғасатын амалдардың қатарында садақа жарияның, соның ішінде уақыптың орны ерекше екені айтылды. Ауыл тұрғындары ізгі амалға атсалысып, елдің қажетіне жарайтын қайырымды істерді қолдауға шақырылды.



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

