БАЙЗАҚ: ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

БАЙЗАҚ: ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы Түймекент ауылының мәдениет үйінде аудан бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарының маңызы жөнінде тағылымды насихат жүргізді. Кездесу барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы сыйлау, ағайынмен тату болу, қонақжайлық, қайырымдылық және аманатқа адалдық секілді халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ізгі дәстүрлері сөз болды.

Бас имам ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәніне тоқталып, халқымыздың жақсы дәстүрлерін дәріптеу – өскелең ұрпақтың бойына имандылық, адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың маңызды жолы екенін атап өтті. Жиын соңында ауыл тұрғындары ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнеге етіп жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: