Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылы «Қостөбе» мешітінің алдында ұлттық дәстүрді дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық жарыс өтті. Жарыс барысында ауыл тұрғындары арасында дәстүрлі арқан тарту және кір тасын көтеру сайыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар күш-жігері мен ептілігін сынап, өзара тартысты бәсекеге түсті.
Арқан тарту сайысында командалық бірлік пен ұйымшылдық сыналса, кір тасын көтеруден қатысушылар күш пен төзімділіктерін көрсетті. Жарысқа ауылдың белсенді жастары мен тұрғындары қатысып, спорттық шараға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ауыл имамы Ернұр Қойбекұлы «Мұндай ұлттық ойындар – халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп қана қоймай, ауыл жастарын спортқа баулып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға септігін тигізеді», - деді. Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, жеңімпаздарға алғыс білдірілді.



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

