Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Каменка ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Сұлтанов Қайсар мен Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболаттың ұйымдастыруымен мектепке жол қайырымдылық акциясы жүзеге асты.
Жанболат имам 30 оқушыны, Қайсар имам 10 оқушыны мектепке дайындап, оқу құралдары, сөмке және мектеп формаларымен қамтамасыз етті. Мектепке жол акциясы науқандық шара болғандықтан бірқатар ауыл имамдары ұйымдастырып, мұқтаж және көпбалалы отбасылардағы оқушыларды киіндіріп, қайырымдылық жасады. Риза болған бүлдіршіндер мен ата-аналары алғыстарын айтып, имамдарға разылықтарын білдірді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

