ТАРАЗДА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТАРАЗДА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Тараз қаласында Талас өзенінің жағалауын тазалауға бағытталған «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігі, «Һибатулла Тарази» мешітінің және қалалық мешіттердің имамдары мен жамағаты, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының қызметкерлері және өңірдегі әртүрлі діни бірлестіктердің өкілдері бірлесе қатысты.

Экологиялық бастама барысында қатысушылар Талас өзенінің маңын тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартып, айналаны ретке келтірді. Басты ерекшелігі – ислам және христиан бағытындағы діни ұйым мүшелерінің ортақ іске жұмыла қатысуы туған қалаға деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісіне айналды.

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі бар. Бүгінгі шарада дін қызметкерлері мен имамдар жұмыла еңбек етіп, айналаны тазалауға өз үлестерін қосты. Табиғатты таза ұстау – әрбір азаматтың және әрбір мұсылманның міндеті», – деді «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әбдіқадір Сейтқали.

Ауқымды шара түрлі діни бірлестік өкілдерін ортақ мақсатқа біріктіріп, туған өлкенің табиғатын қорғау мен тазалығын сақтау баршаға ортақ парыз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: