Меркі: АТТ мүшесі Меркі ауданы имамдарымен кездесу өткізді

Меркі: АТТ мүшесі Меркі ауданы имамдарымен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының имамдарына арналған «Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге АТТ мүшесі Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы қатысып, дінтанулық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды мәселелерді ортаға салды.

Жиын барысында қазіргі қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы, халыққа дұрыс әрі нақты діни ақпарат жеткізудің жолдары, жастар арасында дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу және жат діни ағымдардың ықпалына жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар имамдардың халықпен жүргізетін түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, жамағат арасында діни мәселелерге қатысты дұрыс түсінік қалыптастыру және қоғамдағы тұрақтылық пен дінаралық татулықты сақтау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Жиынның басты мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыруға үлес қосу, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: