Пробация есебінде тұрған азаматтармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Жүздесуге РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұлов пен мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы қатысып, азаматтарға рухани бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында адам баласының қателесуі табиғи құбылыс екені, алайда жасаған қателігін түсініп, оны түзетуге ұмтылудың маңызы айтылды. Білікті дін мамандары азаматтарды өткенге өкініп қана қоймай, одан сабақ алып, тәубеге келуге, жақсы өмірге бет бұрып, ізгі амал жасауға шақырды.
Алла Тағала Құран кәрімде: «Әй, өздеріне зиян келтіріп қойған құлдарым! Алланың рақымынан үміт үзбеңдер. Шын мәнінде, Алла барлық күнәларды кешіреді» («Зүмәр» сүресі, 53-аят) деп ескертеді.
Өз кезегінде «Төле би» мешітінің имамы қазақтың «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген тағылымды мақалды тілге тиек етіп, өз кеңесімен бөлісті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

