Меркі: Мәуліт айының құрметіне аудандық Құран жарысы өтті

Меркі: Мәуліт айының құрметіне аудандық Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гранитагорск ауылы “ Ас-Сами” мешітінде мәуліт айының құрметіне орай жастардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып,қасиетті Құранды жаттауға ынталандыру мақсатында Құран жарысы өтті.

Игі шара «Жарас ата» мешітінің имамы Бейсеналиев Әбдуали қаридың Құран аяттарын оқуымен басталды. Жарыстың ашылуында «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Аманкелді Бірлік қари  сөз сөйлеп, жас қариларға сәттілік тіледі. Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы жарысқа қатысушы шәкірттерге және жиналған жамағатқа насихат айтып ұйымдастырған жандарға алғысын білдірді. Ал «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікхан бата беріп, қатысушыларға ақ тілегін жеткізді.

Сайыс барысында шәкірттер Құранды жатқа оқу бойынша өзара бақ сынасып, білімдері мен дайындықтарын көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша үздік шыққан шәкірттер ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлде - Разматов Абдурахман 100 000 тг

1 орын – Диловаров Хазрет

2 орын –Бадалов Фатих

3 орын Исак Мейіржан

3 орын Бердімұрат Әбдіқадыр

Іс-шара соңында арнайы дастархан жайылып, жамағатқа тағылымды насихат айтылды.

Құранды жүрегіне серік еткен жас ұрпақтың қатары көбейіп, ізгі бастамаларымыздың берекесі арта берсін!

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: