ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІЛІК ИМАМДАРМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІЛІК ИМАМДАРМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Меркі ауданына жасаған іс-сапары аясында жергілікті дін қызметкерлерімен дидарласып, арнайы жиналыс өткізді.

Басқосуда өңір бас имамы діни саладағы өзекті мәселелерді сөз етіп, әсіресе «Уақып» қорының маңызы мен оның қоғамдағы ролі туралы кең көлемде насихат айтты. Ол уақып мәдениетін қайта жаңғырту, мешіт пен меншік мүліктердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі уақыптың орнына тоқталып өтті.

Жиын соңында Асқар Зәкіржанұлы аудан имамдарына уағыз-насихат жұмыстарын күшейту және «Уақып» бағыты бойынша халық арасында түсіндіру шараларын белсенді жүргізуді тапсырды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: