ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Меркі ауданына арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында өңір бас имамы дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының аяқталуына орай ұйымдастырылған қорытынды емтиханға қатысып, имамдардың алған білім дәрежесін сарапқа салды.
Сынақ шарасына «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат та қатысып, дін мамандарының білімін тексеруге атсалысты. Курс барысында Құран оқу ережелері мен тәжуид бойынша білімін жетілдірген Меркі имамдары сынақтан сүрінбей өтті.
Шара соңында біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған барлық дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қыркүйек 2026
22 Раби-авваль 1448

