ОБЛЫС БАС ИМАМЫ РЫСҚҰЛОВ ИМАМДАРЫНА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ РЫСҚҰЛОВ ИМАМДАРЫНА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Сатылғанов Т. Рысқұлов ауданына жасаған сапары аясында жергілікті дін қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді. Кездесуге ауданның бас имамы Қуаныш Түзелбеков пен ауылдық мешіттердің имам-молдалары қатысты.

Маңызды басқосуда Қазақстан мұсылмандары дини басқармасы тарапынан бекітілген негізгі 4 бағыт – уағыз-насихат, оқу-ағарту, қайырымдылық және теріс ағыммен күрес  бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мәселесі кеңінен талқыланды. Өңір бас имамы бұл бағыттардың халық арасында сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асуы керектігін баса айтты.

Жиын соңында Асқар Сатылғанов ауданның бас имамы Қуаныш бастаған дін мамандарына ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайту, мешіт жұмыстарын жандандыру және белгіленген міндеттерді мүлтіксіз орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: