ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданына жасаған сапары барысында Масаншы ауылындағы Құран қарилар орталығына арнайы барды. Өңір бас имамы онда бой көтеріп жатқан жаңа жатақхана құрылысының барысымен жақын танысты.
Сапар кезінде Асқар Зәкіржанұлы ғимараттың ішкі-сыртқы құрылысын толық аралап шықты. Сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген талаптардың қатаң сақталуын жіті қадағалап, жауапты мамандарға құрылысты өз уақытында әрі сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қыркүйек 2026
22 Раби-авваль 1448

