Т. Рысқұлов ауданына қарасты 34 мешіттің діни қызметкерлері арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Кәсіби деңгейді көтеруге бағытталған оқу мерзімі аяқталып, оның қорытындысы бойынша имам-молдалардан арнайы емтихан қабылданды.
Дін мамандарының білімін Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат сарапқа салды. Сынақ барысында тыңдаушылардың Құран оқу ережелері (тәжуид), дұғаларды жатқа білуі, мінберде хұтпа айту шеберлігі мен курс бойы алған білім қоры жан-жақты тексерілді.
Сынақтан сүрінбей өтіп, жоғары балл жинаған дін қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтағанын айғақтайтын арнайы сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Өңір бас имамы Асқар Зәкіржанұлы білімін шыңдаған мамандарға ризашылығын білдіріп, ел ішіндегі уағыз-насихат пен халыққа қызмет ету жолында жауапкершілікпен еңбек етуді тапсырды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қыркүйек 2026
22 Раби-авваль 1448

