ҚҰРАН ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚҰРАН ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қордай ауданы Масаншы ауылында "Құран қарилар даярлау" орталығына Әділет Стамбек директор болып тағайындалды.
 
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы орталық ұжымына жаңа басшыны таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығын оқыды. Бас имам жаңа директордың жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
 
Сондай-ақ жиында ұстаздар қауымымен бірге биылғы шәкірттерді қабылдау барысы, олардың үлгерімі мен білім сапасы талқыланып, алдағы әдістемелік жұмыстар пысықталды.
 
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: