ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сортөбе ауылындағы Имамдар үйінде өтіп жатқан мемлекеттік тіл курсына арнайы барды. Өңір бас имамы мұнда қазақ тілі бойынша сауатын арттырып жатқан жергілікті имам-молдалардың сабақ барысымен танысты.
Асқар Зәкіржанұлы қазақ тілін жетік меңгеріп жатқан өзге ұлт өкілдерінен құралған имамдардың білім деңгейін саралап, біліктілігін тексерді. Сапар кезінде облыс бас имамы тыңдаушылардың диктант жазу сәтінің үстінен түсіп, олардың жазу сауаттылығы мен сөздік қорын өз көзімен көріп бағалады.
Өз сөзінде өңір бас имамы мемлекеттік тілді білу – уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде де, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуда да басты талап екенін баса айтып, тіл үйренуші имамдардың талабына оң бағасын беріп, ізгі тілегін білдірді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қыркүйек 2026
22 Раби-авваль 1448

