ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданына сапары барысында Масаншы ауылындағы «Мұсылмандар» мешітіне жаңа имамды тағайындады.
Бас имам көпшілік алдында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңа маманды жамағатқа таныстырды. Аталған қызметке «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі Әділет Стамбек тағайындалды.
Ал осы уақытқа дейін имамдық қызметті атқарған Хусей Хасанға жамағат алғыс білдіріп, иығына шапан жапты. Ауыл қариялары ақ батасын беріп, ізгі тілекпен шығарып салды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі


05 Қыркүйек 2026
22 Раби-авваль 1448

