ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Мұсылмандар» мешітінде жамағатпен дидарласты.
Мәуліт мерекесіне орай Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі ғұмыры мен көркем мінезін баяндап, уағыз жүргізді. Өз сөзінде елдегі ынтымақ пен бірлікті арттыру, ұрпақ тәрбиесі және Сүннет жолын берік ұстану хақында ғибратты ой айтты.
Жиын барысында Құран аяттары оқылып, Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауаттар арналды. Шара соңында елдің тыныштығы мен амандығы үшін арнайы дұға жасалды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



05 Қыркүйек 2026
22 Раби-авваль 1448

