Қордай: Еңбек сіңірген дін қызметкері марапатталды

Қордай: Еңбек сіңірген дін қызметкері марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қақпатас ауылындағы «Қақпатас» мешітінде 30 жыл бойы діни салада қызмет етіп, мешіттің қоғамдық-рухани жұмыстарына атсалысып келе жатқан еңбек сіңірген дін қызметкері - Тәнекеев Жармахамбетке,   Жамбыл облысының өкіл имамы Асқар Зәкіржанұлының арнайы алғыс хаты беріліп, марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында дін қызметкерінің мешіт жұмысына қосқан үлесі, жамағатпен жүргізген рухани-ағартушылық қызметі және өскелең ұрпаққа діни білім мен тәрбие берудегі еңбегі атап өтілді. Сонымен қатар ел бірлігі мен діни тұрақтылықты нығайту жолындағы қызметіне ризашылық білдірілді.

Марапаттау барысында ізгі тілектер айтылып, дін жолындағы еңбегіне береке, қызметіне абырой тіленді. Жамағат атынан алғыс білдіріліп, ел игілігі жолындағы қызметінің жемісті болуына тілектестік білдірілді. Алла Тағала барша дін қызметкерлерінің еңбегін еселеп, қызметтеріне береке берсін! Ел-жұртымызға амандық, мешіттерімізге береке, жамағатымызға бірлік пен ынтымақ нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: