Қордай: «Рахман» мешітінде аудан бас имамы жұма намазын өткізді

Қордай: «Рахман» мешітінде аудан бас имамы жұма намазын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді. Жұма уағызында «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі» тақырыбы кеңінен насихатталды.

Аудан бас имамы ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) адамзатқа үлгі болған көркем мінезі, сабырлылығы, мейірімділігі мен кешірімділігі жайлы айтып, мұсылман баласының оның сүннетін берік ұстанып, өнегелі өмірінен үлгі алуының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар отбасыға құрмет көрсету, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық таныту, қоғамда татулық пен бірлікті сақтау секілді ізгі қасиеттердің адам өміріндегі орны түсіндірілді. Жамағатты күнделікті өмірде жақсы амалдарды көбейтіп, көркем мінезбен өмір сүруге шақырды. Уағыз соңында жамағатпен бірге жұма намазы оқылып, ел-жұрттың амандығы, отбасылардың берекесі мен бірлігі үшін дұға жасалды. Алла Тағала елімізге тыныштық пен тұрақтылық, халқымызға амандық пен береке нәсіп етсін!

Әр шаңыраққа ынтымақ пен ырыс беріп, жүректерімізді иман нұрына бөлесін. Ұстаған ораза, оқыған намаз, жасаған барлық ізгі амалдарымызды қабыл етіп, баршамызды ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі жолынан айнымай жүруді нәсіп етсін! Әмин!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: