Қордай: «Діни жат ағымдардың зардабы» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: «Діни жат ағымдардың зардабы» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Ноғайбай ауылындағы Рза Қонақова атындағы №35 мектептің ұстаздарымен «Діни жат ағымдардың зардабы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуді Қордай ауданы, Өтеген ауылы «Өтеген» мешітінің ұстазы Атанбаев Нұрсұлтан жүргізді. Насихат барысында діни жат ағымдардың қоғамға, отбасыға және жеке тұлғаға тигізетін кері әсері, олардың идеологиясына ермеудің маңызы және діни сауаттылықты арттыру қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұстаздарға жастар арасында дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, теріс діни идеологиялардың алдын алу және өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар берудің маңызы айтылды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: