Қордай: Қақпатас ауылы тұрғындары мешіт молдасына алғыс айтты

Қордай: Қақпатас ауылы тұрғындары мешіт молдасына алғыс айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қақпатас ауылының тұрғындары 30 жыл бойы дін мен ел игілігі жолында абыройлы қызмет атқарып келе жатқан «Қақпатас» мешітінің молдасына Танекеев Жармахамбетке құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.

Ауыл тұрғындары молданың көп жылғы еңбегін жоғары бағалап, мешіттің рухани-ағартушылық жұмыстарына белсене атсалысқанына, жамағатқа бағыт-бағдар беріп, діни сауаттылықты арттыруға және ел бірлігін нығайтуға қосқан үлесіне ризашылықтарын жеткізді. Ізгі ниеттің белгісі ретінде тұрғындар Жармахамбет молдаға шапан жауып, ақжарма тілектерін білдірді. Жамағат атынан айтылған алғыста молданың елмен етене араласып, халыққа рухани қолдау көрсетіп келе жатқан еңбегі ерекше аталып өтті.

Өз кезегінде Жармахамбет молда ауыл тұрғындарына көрсеткен құрметтері мен ыстық ықыластары үшін алғысын білдіріп, елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасады. Алла Тағала Жармахамбет молданың дін жолындағы көп жылғы еңбегін қабыл етіп, деніне саулық, отбасына амандық, қызметіне береке берсін! Қақпатас ауылының тұрғындарына ынтымақ пен бірлік, шаңырақтарына құт-береке нәсіп етсін! Ел-жұртымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әмин!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: