БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

БАЙЗАҚ: БАС ИМАМ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәдімар ауылында өткен Байзақ ауданына қарасты төртінші аймақтың имамдары бас қосқан жиында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мешіт қызметін жүйелі ұйымдастыру, имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру және діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Семинар барысында бас имам имамдық қызметтің жауапкершілігін тілге тек етіп, жамағатпен тұрақты байланыс орнатудың, халыққа діни білімді дұрыс әрі түсінікті жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде имамдардың күнделікті қызметінде кездесетін мәселелер, жамағат арасында бірлік пен өзара сыйластықты қалыптастыру, жастармен және түрлі әлеуметтік топтармен жүргізілетін рухани-ағартушылық жұмыстарды күшейту бағыттары сөз болды.

Семинарда сөз алған Мәдімар ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Дәулетов ауылда атқарылған рухани және қайырымдылық шараларын баяндады. Бұл өз кезегінде өзге ауылдың имамдарына жақсы ой салды. Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: