БАЙЗАҚ: КИІЗ ҮЙ УАҚЫП ЕТІЛДІ

БАЙЗАҚ: КИІЗ ҮЙ УАҚЫП ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәдімар ауылындағы балабақшаға ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған жарты киіз үй тарту етілді. Игі бастама балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, ұлттық салт-дәстүрмен жақынырақ танысуына мүмкіндік беруді көздейді. Киіз үй бөбекжай аумағында тәрбиелік және танымдық шараларды өткізуге пайдаланылмақ.

Іс-шара барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы уақыптың халық игілігіне қызмет ететін қайырымдылықтың маңызды түрі екенін жеткізді. Сондай-ақ, бас имам киіз үйді уақып етуге атсалысқан Жамбыл Дәулетов бастаған ауылдық ардагерлер мен кәсіпкер азаматтарға ризашылығын білдірді.

Балабақша бүлдіршіндеріне ұлттық мұраны танытудың маңызына да ерекше назар аударылды. Жарты киіз үйдің табысталуы – кейінгі ұрпаққа рухани әрі мәдени құндылықтарды жеткізуге бағытталған сауапты істің бірі. Мұндай игі бастамалар қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық мәдениетін нығайта түседі.

Бөбекжай ұжымы көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, ұлттық тәрбиені насихаттауда киіз үйді тиімді пайдаланатындарын жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: