Қордай: «Қордай ауылшаруашылық» колледжінің мұғалімдерімен кездесу өтті

Қордай: «Қордай ауылшаруашылық» колледжінің мұғалімдерімен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Ноғайбай ауылындағы «Қордай ауылшаруашылық» колледжінде ұстаздар қауымымен «Экстремизм және терроризм» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде «Өтеген» мешітінің ұстазы Атанбаев Нұрсұлтан дін атын жамылған жат ағымдардың алдын алу, экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны және діни сауаттылықтың маңызы жөнінде насихат айтты.

Сонымен қатар, ұстаздар арасында жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудің, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттаудың және түрлі теріс діни идеологиялардың алдын алуда білім беру саласының атқаратын рөлі сөз болды. Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып аясында көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: