#Сарысу аудандық мешітінде "Мәуліт" тақырыбында тағылымды кездесу өтті

#Сарысу аудандық мешітінде "Мәуліт" тақырыбында тағылымды кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық мешітінде жамағатқа арналған тағылымды кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшесі, белгілі дін маманы Қанат Жұмағұл ұстаз арнайы келіп, жамағатқа Мәуліт тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында Мәуліттің мән-маңызы, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өмір жолы мен өнегесі, сондай-ақ мұсылман баласының Алла елшісіне ﷺ деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, оның сүннетін ұстану және көркем мінезін бойға сіңіру арқылы көрсетуі қажеттігі кеңінен түсіндірілді.

Ұстаз өз сөзінде Пайғамбарымыздың ﷺ адамзатқа қалдырған өнегелі жолына тоқталып, оның үмбетіне деген жанашырлығы мен көркем мінезінен ғибрат алудың маңызын атап өтті. Жамағатқа Мәулітті атап өтудің сыртқы рәсімнен гөрі, Алла елшісінің ﷺ өмірін танып, сүннетіне деген сүйіспеншілікті арттыруға себеп болатын рухани мүмкіндік екені түсіндірілді.

Тағылымды кездесуде жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, дін маманымен пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Жиын соңында жамағатты ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін көбірек танып-білуге, оның сүннетіне берік болуға және көркем мінезді қалыптастыруға шақырды.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: