Сарысу: Сауда заттарының зекетін заттай берудің үкімі түсіндірілді

Сарысу: Сауда заттарының зекетін заттай берудің үкімі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Сарысу аудандық мешітінде жамағатқа арналған кезекті «Пәтуа сағаты» өтті. Кездесуде сауда заттарының зекетін заттай берудің үкімі жан-жақты түсіндірілді.

Аталған тақырып бойынша Сарысу ауданының бас имамы Қонақбаев Ғалымжан Қабылбекұлы жамағатқа мәселенің шариғи негізін түсіндіріп, саудамен айналысатын мұсылман үшін зекетке қатысты ескерілетін маңызды мәселелерге тоқталды.

Пәтуа сағатында саудаға арналған тауарлардың зекеті қалай есептелетіні, зекеттің ақшалай немесе заттай берілуіне қатысты үкімдер, сондай-ақ зекет беруші мен оны алушы тарап үшін ескерілетін жайттар түсіндірілді. Мәселе Ханафи мәзһабының ұстанымдары негізінде баяндалып, жамағаттың көкейіндегі сауалдарға жауаптар берілді.

Мұндай діни-ағартушылық кездесулердің негізгі мақсаты — жамағатқа шариғат үкімдерін дұрыс әрі жүйелі түрде жеткізіп, күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер бойынша сауатты шешім қабылдауға бағыт-бағдар беру.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: