Шу аудандық «Төле би» мешітінде құптан намазы уақытында жамағатқа тағылымды уағыз жүргізілді. Жиынға Жуалы ауданының бас имамы Есет Таласбаев арнайы қатысып, жамағатпен жүздесті.
Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы келген қонақты жамағатқа таныстырып, сапардың мәні мен маңызын атап өтті.
Уағыз барысында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен құрмет, оның өнегелі өмірі мен көркем мінезін үлгі етудің маңызы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін ұстану, ізгі амалдар жасау және мұсылманның көркем мінезбен өмір сүруі жөнінде насихат айтылды.
Кездесу соңында жамағат рухани тәлім алып, намазда бір сап түзеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

