Шу ауданы Көкқайнар ауылындағы Мәдениет үйінде «Дін – тәрбиенің тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Жиын барысында отбасы тәрбиесінің бала қалыптасуындағы маңызы кеңінен сөз болды. Ата-ананың балаға көрсететін үлгісі, әке мен ананың отбасындағы жауапкершілігі, сондай-ақ ұл мен қыз тәрбиесіне қатысты ұлттық және діни құндылықтар жөнінде насихат айтылды.
Кездесуде отбасы – қоғамның негізгі тірегі екені айтылып, ата-аналарды бала тәрбиесіне бейжай қарамай, перзентіне жақсы үлгі болуға шақырды. Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, отбасы тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

