ЖАМБЫЛ: ҚОШ КЕЛДІҢ, МӘУЛІТ АЙЫ!

ЖАМБЫЛ: ҚОШ КЕЛДІҢ, МӘУЛІТ АЙЫ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова жамағатпен бірге Мәуліт мерекесіне орай берекелк дастархан ұйымдастырып, Хз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен өнегелі өсиет айтты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында имандылықты арттырып, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірін кеңінен насихаттау болды.

Дастархан басында ұстаз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі, адамгершілігі мен сабырлылығы жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, оның (с.ғ.с.) адамдарға мейірімділікпен қарап, әрдайым жақсы сөз айтып, ізгілікке үндегені жөнінде тағылымды мысалдар келтірді.

Жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ата-анаға құрмет көрсету, көршімен тату болу және мұқтаж жандарға қолдау көрсету жөніндегі өсиеттерінің мәні түсіндірілді.

Ұстаз отбасы бірлігін сақтау мен ағайын арасындағы татулықты нығайтудың Ислам дініндегі маңыздылығына ерекше тоқталды. Кездесу барысында жамағат мүшелері өздерін қызықтырған діни сауалдарын қойып, ұстаздан мазмұнды жауаптар алды.

Мәуліт дастарханы жамағаттың өзара бауырмалдық қарым-қатынасын нығайтып, рухани бірлігін арттыруға оң ықпал етті. Жиын соңында қатысушылар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі жолынан үлгі алып, күнделікті өмірде көркем мінез бен ізгі амалдарды қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Тағылымды кездесу жамағатқа рухани ой салып, имандылық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған игі шара болды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: