Шу аудандық «Төле би» мешітінде құптан намазы уақытында жамағатқа тағылымды уағыз жүргізілді. Жиынға облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Данияр Қарысмақов арнайы қатысып, жамағатпен жүздесті.
Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы келген қонақты жамағатқа таныстырып, уағыздың мәні мен маңызын атап өтті.
Кездесу барысында Құран Кәрімнің алғашқы сүресі – «Фатиханың» мағынасы мен тәпсірі кеңінен түсіндірілді. Сүренің мұсылман өміріндегі орны, ондағы дұға мен ғибратты мағыналар, Алла Тағалаға құлшылық ету және тура жолды тілеудің мәні жөнінде тағылымды насихат айтылды.
Уағыз соңында жамағат айтылған насихаттан рухани тәлім алып, құптан намазын бірге оқу үшін сап түзеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

