БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ 29 БҮЛДІРШІНГЕ МЕКТЕП СӨМКЕСІ БЕРІЛДІ

БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ 29 БҮЛДІРШІНГЕ МЕКТЕП СӨМКЕСІ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ аудандық мешітінің «Дәстүр және отбасы» бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлының ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды.

Игі шара аясында 29 бүлдіршінге жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкесі мен оқу құралдары табысталды. Балаларды қуанту, білімге деген алғашқы қадамына қолдау көрсету — баршаға ортақ сауапты іс.

Қайырымдылық шарасына атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Жақсылық жасау — жүректегі иманның, елге деген жанашырлықтың көрінісі. Алла Тағала жасаған қайырлы істеріңізге мол сауап жазып, балаларымыздың білім жолына береке берсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: