Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының ұйытқы болуымен «Дәстүр және отбасы» бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлының қатысуымен «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды.
Игі шара барысында мешіт жамағаты мен имамы жаңа оқу жылына дайындалып жатқан, көмекке мұқтаж 43 отбасының балаларына қолдау көрсетті. Оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар табысталды.
Бұл қайырымдылық шараның мақсаты — балаларға қуаныш сыйлап, олардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына жағдай жасау. Осындай сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға Алла разы болсын! Қайырымдылық пен жанашырлық – елдіктің көрінісі, берекенің бастауы.
Тілеш қажы мешіті алдағы уақытта да қоғамға пайдалы, ізгі бастамаларды қолдай бермек.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

