Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауылдық мешіт қызметкерлері Құран курсында оқып, білім алды. 10 күнге созылған курста жаттаған сүрелерін пысықтап, тәжуидтерін дұрыстап, намаз, жаназа дұғалары мен хұтпаларды жаттап, ұстаздарға тапсырды.
Жоспар бойынша өткізілген курс ауыл имам-молдалары үшін өте пайдалы болды. Курста «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің түлегі Ахмет Бақытжан ұстаздық етіп, дәріс берді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

