Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл жастарын ұйымдастырып, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында әр апта сайын футбол ойынын жүйелі түрде жүргізуде. Мешіт имамы ауыл жамағатымен бірге дене шынықтырып, денсаулыққа мән беріп, сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауда.
Салауатты өмір салты – ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дене белсенділігінің жетіспеушілігі 1,8 млрд адамда, ғаламшардағы ересек адамдардың шамамен үштен бірінде (31%) байқалады. Күніне кем дегенде 60 минут дене белсенділігі денсаулықты жақсы сергек қалыпта ұстауға көмектеседі.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

