Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен оқу жылының басталуына қарай жоспарға сай «мектепке жол» қайырымдылық акциясы қолға алынды. Қайырымдылықта тұрмысы төмен, асыраушысы жоқ және көп балалы мұқтаж отбасыларға мектепке ұстайтын 30 сөмке табысталды.
Оның 15-і қыз балаға, 15-і ұл балаға арналған. Қайырымдылық алған отбасылар аудан имамына алғыс айтып, өз ризалықтарын білдірді. Артынан мешіт бас имамы оқушылардың оқуда озат боп, пайдалы білім мен әдеп үйренулерін тілеп, дұға қылды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



23 Қазан 2026
11 Джумада-авваль 1448

