Меркі: «Ас-Сами» мешітіне жаңа имам таныстырылды

Меркі: «Ас-Сами» мешітіне жаңа имам таныстырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы «Ас-Сами» мешітіне жаңадан тағайындалған Нұрбек  Бақытжанұлы имамды мешіт жамағатына таныстырды.

Жиын барысында аудан бас имамы жаңа имамның міндеттері мен алдағы қызметіне тоқталып, жамағатпен етене жұмыс істеудің, мешіттің діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде мешіт жамағаты жаңа имамды жылы қабылдап, қызметіне сәттілік тіледі. Жаңа имам алдағы уақытта жамағатпен бірлесе отырып, мешіттің берекелі іс-шараларын жалғастырып, халыққа рухани қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында жаңа имамның қызметіне береке тілеп, ақжолтай дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: