Меркі: «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетілді

Меркі: «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ботбай баба» мешітінің ұжымы мен жамағаты «Мектепке жол» акциясына қолдау білдіріп, бірқатар оқушыға қажетті көмек көрсетті. Қайырымдылық шарасы барысында балаларға мектеп киімдері мен оқу құрал-жабдықтары алып берілді.

Бұл игі іс – өскелең ұрпаққа қолдау көрсетіп, олардың білім алуына жағдай жасауға бағытталған сауапты бастамалардың бірі. Мешіт жамағаты балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына өз үлесін қосты.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға ең сүйікті адамдар – адамдарға ең көп пайдасы тигендер», – деген.

Жақсылықта жарысып, елге қолдау көрсету – мұсылманның көркем мінезінің белгісі. Осындай игі іске атсалысқан мешіт ұжымы мен жамағатына Алла разы болсын! Жасаған қайырымдылықтары қабыл болып, берекесі артсын.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: