Меркі ауданы бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы Гранитагорск ауылы «Ас-Сами» мешітіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зиярат барысында жаңадан тағайындалған ауыл имамымен жүздесіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Ауыл имамына нақты тапсырмалар беріп, мешітке қайырылған тұрғындарға көркем мінезділікпен қарым-қатынас жасалуын бұйырды.
Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға бейбітшілік берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

