Меркі: Тәтті ауылында ұлттық спорттан жарыс өтті

Меркі: Тәтті ауылында ұлттық спорттан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәтті ауылдық мешітінің имамы Дулат Талғатұлының ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының қолдауымен ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс барысында қатысушылар гір тасын көтеру, қол күрес және арқан тарту бойынша өзара бақ сынады. Спорттық сайысқа ауыл жастары мен тұрғындар  белсенді қатысып, өздерінің күш-қуаты мен ептіліктерін көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, ұлттық спорт түрлерін насихаттау және ауыл жастарының арасындағы ауызбіршілік пен достықты нығайту.

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, жамағат тарапынан жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: