#Шу: «Төле би» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

#Шу: «Төле би» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде Мәуліт айына орай тағылымды рухани шара ұйымдастырылды. Жиынға ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты мен жастар қатысып, көпшілікке арнайы дастархан жайылды.

Шара барысында мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы жамағатқа ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған өсиеттері жайында тағылымды уағыз айтты. Жамағатты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен үлгі алып, ізгілік пен мейірімділікті, бауырмалдық пен адамгершілікті берік ұстануға шақырды.

Сонымен қатар мешіттің қарилар ұстазы Нұрмұхаммед Қадіров Мәуліт жырын оқып, жиылған көпшілікке рухани әсер сыйлады. Шара соңында бата беріліп, жамағатқа ақжолтай тілектер айтылды.

Мазмұнды әрі тағылымды өткен шараға қатысқан ауыл тұрғындары мешіт ұжымына және жастарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: