#Шу: «Кәрібай молда» мешітінде Мәулітке арналған рухани шара өтті

#Шу: «Кәрібай молда» мешітінде Мәулітке арналған рухани шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Кәрібай молда» мешітінде Мәуліт айына орай жамағатқа арналған тағылымды рухани шара өтті. Аталған шара барысында арнайы дастархан жайылып, жамағат бас қосты.

Жиында облыстың өкіл имамы Асқар Зәкіржанұлы Мәуліт жырын оқып, жамағатқа тағылымды уағыз жүргізді. Уағыз барысында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері мен ізгі қасиеттері кеңінен баяндалды. Жамағат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен үлгі алып, оның сүннетін ұстануға және жақсы амалдарды көбейтуге шақырылды.

Шара соңында «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында 30 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкелері табысталды. Қайырымдылық шарасы балаларға қолдау көрсетіп, олардың білім алуға деген ынтасын арттыруға бағытталды.

Ізгілік пен қайырымдылықты ұштастырған шара соңында жамағатқа ақжолтай тілектер айтылып, дұға жасалды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: