Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында игі іс ұйымдастырылды.
Облыстық өкіл имам Асқар Зәкіржанұлының ұйытқы болуымен 40 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды.
Іс-шара барысында оқушыларға ізгі тілектер айтылып, білім алуға деген ынталары мен қызығушылықтарын арттыруға бағытталған жылы лебіздер білдірілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

