Шу ауданында Мәуліт айына орай рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылды. Осыған орай облыстан арнайы келген 10 ұстаз аудан аумағындағы жергілікті мешіттерде жұма намазын өткізіп, жамағатқа тағылымды уағыздар айтты.
Жұма уағыздарында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері мен сүннеті кеңінен баяндалды.
Мәуліт айының мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған мұндай рухани кездесулер жамағаттың діни сауатын арттырып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпал етті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



23 Қазан 2026
11 Джумада-авваль 1448

