#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жиенбет Жексенбай» мешітінде Мәуліт айына орай рухани тағылымды шара ұйымдастырылды. Жиын барысында «Ар-Рахман» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов Мәуліт жырын оқып, жамағатқа насихат айтты.

Шара аясында арнайы дастархан жайылып, жамағат бас қосты. Уағыз барысында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері мен үмбетіне көрсеткен мейірімі кеңінен баяндалды.

Жамағат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен ғибрат алып, оның көркем мінезі мен сүннетін күнделікті өмірде үлгі етуге шақырылды. Рухани шара соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, дұға жасалды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: